Құқықтану БББ бойынша жүргізілген кәсіби бағдар-насихаттау жұмыстары туралы есеп
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Мемлекеттің басты міндетті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп нықтай көрсеткен. Оқушыларға мамандық таңдату онай шаруа емес. Сол себепті оқушыларға болашақ мамандығын анықтауға көмек көрсету мақсатында факультетіміздің оқытушылары Орал қалалық № 46 ЖОББ мектебінде 29 қараша күні кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Кәсіби бағдар жұмысы барысында Құқықтану БББ оқытушысы, з.ғ.м. Досжанов Қайырбек Мырзағожаұлы БҚУ-нің тарихы, факультеттері, кітап қоры, мемлекеттік гранттар, оқу процессі, өндірістік сараман, академиялық ұтқырлық, әскери дайындық туралы толық ақпарат берді. Соның ішінде болашақ мамандықтары туралы терең түсіндіріліп, оның басқа мамандықтардан артықшылықтары айтып өтілді.
Оқушылар қызығушылықтарын танытып ойларында жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. 11 сынып бойынша 30 оқушы қатысып, оның ішінде 8 оқушы Математика-физика, 6 оқушы шығармашылық емтихан, 4 оқушы Биология-география, 3 оқушы Биология-химия, 3 оқушы Дүниежүзі тарихы-география, 3 оқушы Шет тілі-дүниежүзі тарихы, 1 оқушы Математика-география, 2 оқушы Дүниежүзі тарихы-құқық негіздерін таңдап отыр.
Оқушылар алғыстарын білдіріп, осындай кәсіби бағдар жұмыстары көп жүргізілсе деген өз ойларын білдірді.

Оқушыларды БҚУ-нің үгіт-насихат басылымдарымен таныстыру

Оқушыларды БҚМУ тарихы туралы таныстыру
Оқушылардың қызықтырған сұрақтарына жауап беру кезі

Оқушылар БҚУ-нің буклеттерімен танысуы

Құқық БББ: Заң ғылымдарының магистрі Досжанов Қаирбек Мырзағожаұлы
2024 жылдың ақпан айында Орал қалалық № 18 ЖОББ мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Құқықтану БББ оқытушысы, б.ғ.к., доцент Абуов Алтынбек Ғалымгереевич кәсіби бағдар жұмысы барысында университетіміздің тарихы, факультеттері, соның ішінде Құқықтану, Құқыққорғау органдары және Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беріп, олардың жұмыс жоспарларымен таныстырды. Жұмыс барысында университетіміздің кітап қоры, гранттар, оқу процессі, өндірістік сараман, академиялық ұтқырлық, әскери дайындық, тәрбие жұмыстары, халықаралық ынтымақтастық, үрдістері туралы ақпараттар берілді. Соның ішінде таңдау пәніне байланысты болашақ мамандықтары туралы терең түсіндірілді.
Мектеп оқушылар өздерінің қызығушылық танытқан бағыттары бойынша сұрақтарға жауаптарын алды. 11 сынып оқушылары қатысып, оларға құқық қорғау органдары, сот, прокуратура, жеке сот орындаушылары, қылмыстық атқару ұйымдары туралы дайындалған арнайы видео роликтер көрсетілді.
Оқушылар алғыстарын білдіріп, осындай кәсіби бағдар жұмыстары көп жүргізілсе деген өз ойларын білдірді.



2024 жылдың 14 наурыз күні Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №6 ЖОББ мектебінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен жастарға арналған «Ашық есік күні» өткізіліп, кәсіби бағыт бағдар берілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кәсіби бағдар жұмысы барысында оқытушылар мен мамандар 90 жылдық тарихы бар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті әрбір абитуриентке заманауи деңгейде білім алуға барлық мүмкіндік жасалғанын, ол мүмкіндіктердің барысымен таныстыру мақсатында дайындалған видеороликтармен таныстырыды. Мектеп оқушылары келген қонақтарға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Құқықтану БББ оқытушысы Т.И.Казиев факультетіміздегі Құқықтану, Құқыққорғау органдары және Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу білім беру бағдарламалары туралы, оқу процессі, өндірістік сараман, академиялық ұтқырлық, әскери дайындық, тәрбие жұмыстары, халықаралық ынтымақтастық, үрдістері туралы ақпараттар беріліп, университетімізде қабылдау комиисиясының жұмыс бағыты, уақыты айтылды. Оқушыларға кездесу барысы ұнады, және олар ашық есік күндеріне қатысу үшін университетімізге шақырту алды.




Сонымен қатар факультетімізде ЖОББМ №20 10 сынып оқушылары мен Құқықтану БББ 2 курс студенттерімен «Қылмыстық құқық» пәні бойынша бірлескен сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар университеттегі білім беру жүйесімен танысып, сабақ барысында Қылмыстық құқық пәні бойынша ситуациялық есептерді шыгарып, криминалисттік жұмыс барысында қолданылатын техникалық арнайы құралдармен танысу мүмкіндігіне ие болады. Кәсіби бағдар жұмысы барысында жылына бір рет Орал қаласының ЖОББМ оқушыларына арнайы көрсетілім сабақтарын жүргізу мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылады.
https://www.instagram.com/p/C38GahlMnXn/?igsh=NjZiM2M3MzIxNA
https://www.instagram.com/p/C38GahlMnXn/?igsh=bW84amV2bXBnd3Zi

