ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Қазақстанның  «Ақ жол» демократиялық партиясы  18-35 жас аралығындағы жастар арасында дәстүрлі түрде «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық ғылыми зерттеулер байқауын өткізіп келеді.  Байқаудың жүлдесі де қомақты. Биыл байқауға  қатысқан 300- ге жуық үміткерлердің  арасынан  40 зерттеуші байқаудың 2- кезеңіне өтті. Қазақстан Республикасы  тарихы  кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Б.С.Боранбаеваның жетекшілігімен 7 желтоқсан күні Ақтау қаласында өткізілген байқаудың 2 кезеңіне қатысқан   Тарих мамандығының 4 курс студенттері, «Алаштану ғылыми зерттеу орталығының» мүшелері Қажымұрат Ерғанат пен Сағынова Әлияны шығармашылық табыстарымен құттықтаймыз!!! «Алаш қайраткерлерінің Қазақстандағы ашаршылықпен күресі» номинациясы бойынша «Бөкей, Орал губернияларындағы ашаршылық (1920-1922 жж.) тақырыбында  зерттеу жұмысын табысты қорғаған Ерғанат 14 желтоқсан күні Астана қаласында өткізілетін  байқаудың 3 кезеңі финалға өтті.

Қажымұрат  Ерғанатқа  Ақ жол тілейміз !!!

Алаш қайраткері, қазақтың алғашқы дәрігерлерінің бірі Н.Ипмағамбетовтың өмірін  архив деректері негізінде зерттеген Сағынова Әлия   «Алаш қозғалысындағы аз зерттелген және беймәлім тұстары» номинациясы бойынша  байқаудың 50 000 ынталандыру сыйлығына ие болды.  Келешек  жас ғалымдарды  зерттеу жұмысындағы алғашқы  жеңістерімен  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


Печать