Ғылыми тағылымдама

2023-2024-оқу жылының 15-27 cәуір аралығында Тарих, экономика және құқық факультеті, «7М01601-Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс магистранттары  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінен ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама мақсаты: магистранттардың теориялық және практикалық білімдерін ұштастыра отырып, ғылыми-ізденушілік қабілеттерін дамыту, кәсіби құзіреттілігін жоғарылату. Ғылыми тағылымдама шеңберінде университеттің ұсынған жоспарына сай іс-шараларға қатысты. Атап айтсақ, тарих факультетінің оқу-әдістемелік, оқу-тәрбие жұмыстарымен және т.б. жабдықталу материалдарымен, Қазақстан тарихы кафедрасының тарихы және ПОҚ танысу, Қазақстан тарихы кафедрасы жанындағы «Дәстүрлі өркениетті зерделеу орталығы» Республикалық ғылыми орталықтың жұмысымен танысу т.б.

Тағылымдама барысында қазіргі таңда әлеуметтік және ғылыми маңызы бар тақырыптарға тоқталып, дәріс, тренингтер, презентациялар өткізілді. Ғылыми жұмысты жазу ерекшеліктері, диссертацияның теориялық және практикалық бөлімінің аспектілері талданды. Оларды толықтыру бойынша кеңестер берілді.

Университет кітапханасымен жұмыс жасалды. Кітапхана жұмысымен, атап айтсақ, Әл-Фараби музейіне, Классикалық оқу залы, Мерзімді басылымдар залы, Электрондық кітапхана, Абай залы, Диссертация залына саяхат жасап, Алаш орталығының жұмысымен танысты. Кітапхана директоры Арекенова Жадыра Айдынғалиқызы магистранттарды кітапхананың мерзімді басылымдар қорымен таныстырды. Жалпы кітапхана іргетасы 1934 жылдан бастап университетпен бірге негізі қаланып, кітапхана қорында 2 млн-нан астам кітап қоры бар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоспарынан тыс магистранттар Ұлттық кітапхана, ҚР Президентінің архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві, ҚР Орталық мемлекеттік архивімен ғылыми-ізденушілік жұмыстар жүргізді.

 


Печать