"Қазақ елі тарихындағы жошы ұлысы: мәні мен маңызы"

2024 жылдың 4-5 сәуір күндері Орал қаласының М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің "6В01601-Тарих" білім беру бағдарламасы бойынша "ҚАЗАҚ ЕЛІ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖОШЫ ҰЛЫСЫ: МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ" атты XV Республикалық студенттік олимпиада қорытындыланды. Республикалық аймақтардағы жоғары оқу орындарынан 11 команда қатысты.  Олимпиада 3 кезеңді қамтыды: студенттер бірлескен жобаларын қорғады, тест орындады және педагогикалық шеберлік конкурсы арқылы өзара ой алмасты. Оқытушылар мен жастар БҚУ мұражайымен танысты, Орал қаласының тарихи орындарына экскурсия ұйымдастырылды және студенттер арасында тимбилдинг ұйымдастырылды.

Екі күнге созылған білім бәйгесінің нәтижесінде жеке көрсеткіште 1 дәрежелі д иегері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Тельман Ұлықбек Думанұлы марапатталды. Топтық көрсеткіште үздік көрсеткішпен озық алға шығып, топ жарған белсенді әрі білімді топ  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің  «Сарайшық» командасы марапатталды.

Жеке көрсеткіштер бойынша 2 дәрежелі дипломның иегері А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Абылхайыр Жанбосын және Шәкәрім атындағы Семей университетінің студенті Қайрат Айдос марапатталды. Топтық көрсеткіштер бойынша: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің - «Сарыарқа ұландары» тобы; «SDU» Universityнің - «МӨР» тобы  марапатталды.

Жеке көрсеткіштер бойынша 3 дәрежелі дипломмен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті Қилыбайұлы Қанат, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенті Қуанғалиев Еділ және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Қанышұлы Махамбет марапатталды. Командалық көрсеткіш бойынша: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің - «Шамшырақ» тобы, Астана халықаралық университетінің - «NOMAD» тобы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің - «Яксарт» тобы марапатталады.

Сонымен қатар олимпиадада белсенділік танытып, білімін сынаған жастарды номинациямен марапалды. Командалық көрсеткіштер бойынша: Үздік жоба атауымен Астана халықаралық университетінің «NOMAD» тобы, Үздік креативті топ - А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің командасы «Тобыл ойшылы», Үздік шығармащылық топ - Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының командасы «Торғай ұландары», Интеллектуалдық топ - Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің командасы «Батыс қырандары», Үздік топ - Шәкәрім атындағы Семей университетінің «Шәкәрім жастары» тобы нәтиже көрсетті. Жеке көрсеткіштер бойынша: Үздік модератор – Мурзағали Аружан; Үздік көшбасшы – Қилыбайұлы Қанат, Қуанғалиев Еділ, Абылхайыр Жанбосын; Үздік Жас педагог – Сәрсембекова Жанерке, Қанат Үрістем марапатталады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

 

 

 

 


Печать