Жас ғалымдардың  «Туған өлке тарихы» атты мини конференциясы өткізілді

«Алаштану»  ғылыми зерттеу клубының  жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.С.Боранбаеваның ұйымдастыруымен «Туған өлке тарихы» атты магистранттар мен студенттердің дәстүрлі мини конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты  білім алушылардың ғылыми зерттеу, шығармашылық ізденіс қабілеттерін дамыту, туған жер тарихына жас ұрпақ қызығушылығын арттыру.  Конференцияға қатысқан жас ғалымдар 2- курс Тарих мамандығының магистранты Ә. Сағынова «Орал қаласындағы реалдық училище тарихы», Арнайы жоба бойынша ізденген Ист-31 тобының студенттері Ф.Кереева, Қ.Назерке «Реалдық училищеде оқыған Алаш зиялылары»,   ГИ-31 тобының студенттері Н. Утемис «Батыс Алашорда әскери комиссары – Сабыр Сарғожин»,  И. Ничипорук  ХІХ ғасырда Украинадан  қоныс аударылып келген өз әулетінің тарихы туралы «Жизненный путь  дядя  Михаил  Ничипорука», А. Қайдаров «Алаш қайраткері – Ғұмар Қараш»  атты тақырыпта баяндама жасады.   Конференция жұмысын түйіндеп пікір білдірген  студенттер баяндамаларды қызығушылықпен тыңдағандарын айтып, болашақ ғалымдардың  тырнақ алды ізденіс жұмыстарына сәттілік тіледі.


Печать