«Алаштану» ғылыми зерттеу клубының жетекшісі тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.С.Боранбаеваның ұйымдастыруымен «М.Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихы» атты еңбегінің деректік маңызы» атты пресс конференция өткізілді. Шараға 3 курс 6В1601 – Тарих тобының студенттері қатысты. Конференцияда кәсіпқой тарихшы болмаса да, қазақ тарихын тұңғыш қағазға түсірген Мұхамеджан Тынышбаевтың қазақ халқының шығу тегін терең зерттеуге ұмтылғаны айтылды. Студенттер Алаш қайраткерінің ұрпақтары жөніндегі дерктермен танысып, «тектіден текті туады» деген ойларын ортаға салды, өзара пікір алмасты.