М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Қазақстан Республикасы тарихы жанындағы «Алаштану» ғылыми зерттеу клубының ұйымдастыруымен тарихи тұлғалар Мұхамеджан Тынышбаевтың 145 жылдығына, Сакен Сейфулиннің 130 жылдығына арналған шараларға 3 курс 6В01601-Тарих және 6В01512-География-Тарих мамандықтарының студенттері қатысып, «М.Тынышбаевтың «Қазақ халқының тарихы» еңбегінің деректік маңызы», «С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» еңбегінің тарихнамалық, деректік маңызы» атты пресс конференцияны жоғары деңгейде дайындықпен өткізді. Мақсат – ұлттық мүдде жолында құрбан болған ұлы тұлғаларға жас ұрпақтың құрмет сезімін арттыру!