16 ақпан күні М.Өтемісов атындағы БҚУ, Тарих, экономика және құқық факультетінің 2 – курс топ кураторы оқытушы, магистр А.С.Ғұбай және Ист-23, Истр-21 топ студенттері Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңес әскерінің 35 жыл толуына орай көрмеге қатысты. Көрмеге Ауғанстандағы шайқаста құрбан болған және сол соғыста аман қалған жерлес жауынгерлер туралы деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың фотосуреттері қойылды, сонымен қатар БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі А.Қ.Батырханов, Ауған соғысының ардагері, полковник, А.В.Боровский тың ақпараттармен студенттермен бөлісті. Ауған шекарасында жүріп қыршыннан қиылған боздақтар мен көзі тірі интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету дәстүрге айналу керек. Сол қанды қырғынның ортасынан оралған Кеңес әскерлерінің жауынгерлеріне деген құрмет арта түспесе, кеміген жоқ.