26 қаңтар күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен өңірімізге танымал өлкетанушы-тарихшы һәм қоғамтанушы Зұлқожа Ғайнеденұлы Шарафутдиновтың "Байлар қалай тәркіленді?" аттты еңбегінің тұсаукесері оздырылды. Шараға тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жаңабайұлы модератор болды.
Саналы ғұмырын өлке тарихын зерттеуге арнаған тарихшы өлкетанушының осыған дейін 10-ға жуық ірілі-ұсақты туындылары жарық көрген-ді.
Өз ісіне берілген табанды зерттеуші қай жерде еңбек етсе де (университет, колледж, орта мектеп, ақпарат саласы) қаламын қаруға теңеп, өңір тарихының ақтаңдақтарын түгендеуге бір кісідей атсалысу үстінде.
Шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер жарық көрген жаңа еңбек хақында өз ойларымен бөлісті.
Әсіресе олар БҚ облыстық архив деректері негізінде жазылған тың туындыны саралауға ұмтылыс жасады.
"Тарихқа әркімнің де бар таласы" демекші шақырулы қонақтар арасында қызу пікір-таластар өрбіп, тарихи кеш тартымды өтті.
Отандық тарих жаңа зерттеулермен толығу үстінде...
Кафедра истории Республики Казахстан