М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде жас мамандардың біліктілігін көтеру мақсатында дәстүрлі курстар ұйымдастырылып өткізіліп тұрады. Осы орайда Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Боранбаева Бақтылы Сансызбаевна тәжірибелі маман ретінде "Жоғары мектеп оқытушысының дәріс оқу шеберлігі" тақырыбында жас мамандар үшін шеберлік сағатын өткізді. Дәстүрлі дәріске қарағанда интерактивті (интербелсенді) дәрістің нәтижесінде студенттердің таным процесіне бірлесе отырып белсенді араласатыны, мәселені бірлесе талқылайтыны, білім алушылардың пікірталастарға қатысып, өз ой-пікірін дәлелдеуге, терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерін дамытудағы тиімділігі видеосабақтар арқылы түсіндіріліп көрсетілді. Курсқа қатысушы жас мамандар пайдалы әдістемелік кеңес алғандары үшін, алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін жеткізді.