Ресей мен Қазақстанның Жас археологтар мектебі

Президенттік гранттар Қорының қолдауымен 2021 жылдың 23-26 қараша күндері  Ресей мен Қазақстанның Жас археологтар мектебі ұйымдастырылды. Бұл шара Ресеймен шекаралас Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының РФ Орынбор облысымен бірлескен  осымен ІІІ рет оздырылып отыр. Негізгінен АНО «Содружество народов Евразии», Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің археологиялық ғылыми-зерттеу лабораториясы, Орынбор мемлекеттік университетінің Оңтүстік Орал тарих және этнография ғылыми-зерттеу институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті тарих, тарих және археология білім бағдарламаларының студенттері қатысып келеді.  Шараның бағдарламасы бойынша археология ғылымы бойынша  үздік  ресейлік және қазақстандық археолог ғалымдардың шеберлік сыныптары, археология музейлеріне онлайн саяхат, археология және палеоантропология деректері бойынша б. з. д. I мың Ж. Оңтүстік Оралдың көшпелі халқын зерттеу, Қарғалы тау-кен металлургия орталығының археологиялық нысандары, Ресей және Қазақстан аумағындағы құлпытастарды зерттеу әдістемесі, Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық «Алтын қоры» жәдігерлерімен офлайн және онлайн таныстыру, экспериментальдық археология, жаңадан табылған құнды жәдігерлерді өңдеу, зерттеу,  музейге қою және т.б. ғылыми әдістемелерді көрсету, тәжірибе алмасу алаңы жоспарланған.

Сонымен қатар, әріптестер «Татар Қарғалы – XVIII ғ. ортасы мен XX ғ. басындағы Орталық Азия халықтарымен Ресейдің шекаралас және керуен саудасы, мұсылман діні мен мәдениетінің ірі орталығы» ретінде ғылыми мәселелермен ақылдасу жоспарланған. Аталған шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті атынан модератор - ҚР тарихы кафедрасының  профессоры, ҚР ҰҒА академигі М.Н.Сдыков және Тарих БББ бойынша барлығы 15 студент қатысып отыр.


Печать