Сараман

"Құқықтану" мамандағының соңғы курс студенттерімен кәсіби бағдарлау жұмысы өтті

2021 жылдың 16 қарашасы күні БҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің кадр саясаты тобының бас маманы әділет подполковнигі Асем Галимжановна Бердыкулова БҚО бойынша ҚАЖД және оған қарасты мекемелердегі бос лауазымдарды жиынтықтау мақсатында елді мекенде орналасқан М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің "Құқықтану" мамандағының соңғы курс студенттерімен кәсіби бағдарлау жұмысын өткізді. Іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі саласының қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік жеңілдіктер, қызметкерлердің міндеттері, қылмыстық-атқару жүйесі жайлы ақпарат берілді.
Соңғы курс студенттерінің қызығушылық танытып қойған сұрақтарына жауап берілді. Кездесу соңында үміткерлерге хабарландыру қағаздары таратылды.

Біздің студенттер заң кеңсесінде тәжірибеден өтеді. Оларға түрлі міндеттерді орындау жүктелген: азаматтарды қабылдауға қатысу, талап арыздар, анықтамалар, өтініштер, хат-хабарлар сияқты жазбаша құжаттарды дайындау. Келісімшарт жасасу үшін клиенттермен жұмыс жасау.

Студенттер № 2 қалалық сотта тәжірибеден өтеді. Олардың міндеттеріне: істердің тізімін жасау, істерді қарау, процеске қатысушыларға хабарлама жіберу, сот отырыстарына қатысу, істермен танысу және судьяның белгілі бір істерге араласқан адамдармен сөйлесуі кезінде хатшыны ауыстыру.

Студенттер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Батыс Қазақстан облысындағы кеңсесінде тәжірибеден өтеді.Олар тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады.

 

2019-2020 оқу жылы аралығындағы "Тарих, экономика және құқық" факультетінің, Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенттерінің оқу сараман есебі

2019-2020 оқу жылы аралығындағы "Тарих ,экономика және құқық" факультетінің, "Құқықтану" білім беру бағдарламасы бойныша 3 курс студенттерінің оқу танысу сараман есебі

2021-2022 оқу жылына арналған құқықтық пәндер кафедрасының кәсіби бағдар жұмысының жоспары


Басып шығару