Университеттің маркетинг және кәсіби-бағдар орталығының жылдық жоспарына сәйкес, «Құқық» БББ-на кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу үшін БҚО мектептері, Орал қаласының мектептері және колледждері бекітілді.
Жауапты бөлімнің ұйымдастыруымен профессорлық-оқытушылық құрамды Батыс Қазақстан облысына қарасты аудан мектептеріне арнайы іссапарларға жіберу жолға қойылған. «Құқық» БББ оқытушылары да осы жұмыстарға араласып отырады. Мектептерде жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп маркетинг және кәсіби-бағдар орталығына тапсырылды.
2025ж. 14 қазанда «Құқық» БББ-ның аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Базаргалиева Ж.А. Орал қаласындағы №19 ЖОББМ-де кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында оқытушы 11 сынып оқушыларына университеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беріп, оқыту хаттамасы мен сауалнама толтырылды, университет туралы ақпараттық буклеттер үлестірілді.
Сондай-ақ 2025 жылғы 4 қарашада Орал қаласы №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясында 11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында оқытушы 11 сынып оқушыларына университеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беріп, оқыту хаттамасы мен сауалнама толтырылды, университет туралы ақпараттық буклеттер үлестірілді.

