Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Ғылыми және педагогикалық қызметке қабілетті, сыни ойлауға, ұйымдастырушылық дағдыларға ие, педагогикалық қызмет үшін маңызды, зерттеу, ақпараттық-аналитикалық қызмет дағдыларына ие тарихи білім беру саласында білікті мамандарды даярлау.
Бітіруші түлекке 6B01601 –Тарих білім беру бағдарламасы бойынша «Білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
«6В01601-Тарих» білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатын өзгертуге әдістемелік және психологиялық дайын;
- Еңбек нарығы мен технологияның өзгермелі талаптарына бейімделуге мүмкіндік беретін өз қызмет саласында білім негіздерін, бастамашылық пен белсенділікті меңгерген;
- Жаңартылған және инклюзивті білім беру бойынша жаңа ережелер мен тәсілдерді, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқытудың инновациялық әдістерін меңгере алады;
- Зерттеу іс-әрекеті, әдістемелік эксперименттер жүргізу дағдыларын меңгерген;
- Көшбасшылық қасиеттерге, кәсіпкерлік дағдыларға ие, жаһандық сын-қатерлерге бейімделген.