Менеджмент білім беру бағдарламасы түлегіне бизнес және басқару академиялық дәрежесі беріледі.
Менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет саласы:
- экономиканың нақты секторы;
- қаржы-банк жүйесі;
- бизнес және кәсіпкерлік болып табылады.
Менеджмент білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің нысандары: бизнес-құрылымдар, өндірістік өнеркәсіп, әртүрлі меншік түрлері ұйымдары мен фирмалар, мемлекеттік басқару органдары, қаржылық ұйымдар, жобалық және ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндірістік, білім беру мекемелері болып табылады.
Бейіндік пәндері – математика + география