6В042 – "Құқық"мамндығы бойынша бітірген түлекке құқықтану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2018 ж. 31.11 № 604 бұйрығымен бекітілген жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына сәйкес анықталады. 6В042 – "Құқық"мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасыКәсіби қызмет саласы:мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқық саласында туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қорғау, қамтамасыз ету, кепілдік бері. Кәсіби қызмет нысандары: бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құқық қорғау органдары; мемлекет билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілетті органдары; мемлекет және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокатура; банкілер; сақтандыру және аудиторлық компаниялар; білім беру ұйымдары бола алады. Кәсіби қызмет пәндері:
-құқықтық нормалар;
-заңға қатысы бар оқиғалар мен әрекеттер;
-мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының қызметі
-саласында пайда болатын құқықтық қатынастар;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы құқықтық қатынастар.
Кәсіби қызмет түрлері: 6В042 – "Құқық"мамандығы бойынша бакалаврлар мынандый кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
-Қазақстан Республикасының мемлкеттік органдары мен ұйымдарында ұйымдастыру-басқару қызметі;
-Ішкі істер, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, сот мекемелері және т.б органдарында құқық қорғау қызметі;
-заң кеңесшісі, адвокат есебінде заңдық және қызмет беру қызметі;
-орта және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында педагогикалық қызмет.
Кәсіби қызметінің функциялары:
-құқық қорғау;
-құқық қорғаушылық;
-ұйымдастыру-басқару;
-педагогикалық;
-Қазақстан Республикасында зайырлы және құқықтық мемлкете құру;
-заңды нақты орындау жеке және заңды тұлғалардың заң алдында теңдігі тұрғысында құқықты қолдану қызметін іске асыру;
-құқықты қолдауын тәжірибелерінің мәселелерін анықтау және ұлттық заң шығарушылықты жетілдіру.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:
-адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау нәтижелілігін арттыру;
-кәсіпкерлік және басқа да заңға қайшы келмейтін қызметтерді қорғау және қолдау;
-құқық бұзудың алдын алу;
-азаматтық пен отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, конституция мен қоғамға қайшы келетін жағдайларды қабылдамауға тәрбиелеу;
-заң мен құқық тәртіптерін нығайту;
-халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру және дамыту;
-адам және азаматтың құқықтарын қорғау.
Кәсіби қызметі бағыттары:
Құқықтану бакалаврының қызметі құқықтық нормаларды іске асыруға, көпшілік және жеке мүдделерді қорғау кезіндегі қоғам өмірінің түрлі саласындағы құқықтық тәртіппен заңдылықтарды нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталады;
Кәсіби қызметінің мазмұны:
-құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосу;
-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
-заң ықпалының саласын кеңейту;
-құқықтық реттеу тетігін жетілдіру;
-құқықтық білімдер мен кәсіби дағдыларын тереңдету;
-халық арасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы;
-жаңа заманға сай саяси-құқықтық көзқарастардың таратылуы;
-қазіргі заңдарды сауатты қолдану;
-адам мен азаматтың құқықтарының, сонымен қатара қоғам мүдделерін қорғау жөніндегі мәселелерді орындау мақсатында демократиялық қоғамдық, мемлекеттік, құқықтық институттарды кеңінен қолдану;
6В042 – "Құқық"мамандығы бойынша бакалаврдыңң түйінді құзыретіне қойылатын талаптар. Құқықтану бакалавры:
Түсінігі болуы: адамзат құндылығы; менеджмент негіздері; Отандық тарихтың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері; телебайланыстың жаңа құралдары; логика заңдары мен ұғымын; қазақ және шетел тілдерінің ережелері мен қызметінің негіздерін ұйымдастыру болып табылады.
Білуі керек: құқықтық ұғымды; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын; жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау түрлері мен механизмдерін; құқықтық және мемлекеттік құбылыстардың мәнін, сипаты мен өзара әрекеттестігін; құқық туралы түсінікті және оның мәнін; заңды құжаттарды дайындауы басты бағыт болып саналады.
Істей білуі: алған білімін шығармашылық тұрғыда қолдануды; алған білімін нақты үсыныстармен ұштастыруды; құқық саласының түрлі нормаларын түсіндіруін; құқық саласындағы түрлі құжаттарды құруды; логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерінің, жауапкершілік және ұйымдастыру қасиеттерінің болуы болып табылады.
Дағдысы болу керек: гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдарынан алған білімедір мен әдістемелерін кәсіби қызметінде қолдану; зерттеу жұмысы; кәсіби қызметіне қатысты заңды нормаларымен құқықтық қатынастарды талдау; тұлғалар арасындағы қатынастарды орнату және дамыту; құқық мәселелері жөнінде сұхбаттасу және кеңесу; сот жарыссөздеріне қатысу және жауап алу; нормативтік құжаттар мен заң шешімдерін іске асыру механизмін жетілдіру мүмкіндіктерін іздестіру және салыстырмалық талдау жасау.
Жетік білуі керек: нақты тәжірибелі жағдайларда құқық нормалары мен теорияларын қолдануды; дәлел мен тергеу арасында шектеу жүргізуді; әрекет ету жүйелерінің мүмкіндіктерін және жоспарлауды дайындауды; қажетті іс жүргізу құжаттарды құруды; ұжымды, жұмыс топтарында бірігіп қызмет істеу, басқа пән саласындағы сарапшылармен өзара әрекеттестікті; өз қызметінің нәтижелерін бағалау болып табылады.