2024 жылдың 20 қараша күні Әлеуметтік ғылымдар білім беру бағдарламаларының аға оқытушылары Г.Н.Есеева, Б.М.Мырзабаеваның және Аймақтану білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Р.Р.Минуллинаның ұйымдастыруымен «Терроризммен және экстремизммен күрес» тақырыбына арналған БҰҰ үлгісінде іс-шара өткізілді. БҰҰ үлгісіндегі шараны өткізудегі басты мақсат – студенттерде келіссөздер жүргізу және қоғамдық талқылау тәжірибесін қалыптастыру, сондай-ақ сараптамалық ойлау қабілетін және топта жұмыс жасау дағдысын дамыту. Шараға төрағалық етуге Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасының түлегі, мемлекеттік қызметкер М.А.Арыков шақырылды. Әлеуметтік ғылымдар БББ жетекшісі А.Ш.Журасова алғы сөзін айтып, шараға қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған шараға Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасының МО-21, МО-22, МО-32 және Тарих білім беру бағдарламасының Ист-21-2, Истр-21-2 топтарының студенттері қатысты. Студенттер бекітілген елдер бойынша делегаттар ретінде мәселеге қатысты өз елінің позициясын айтып, бүгінгі күні халықаралық қауымдастықтың басты мәселесіне айналып отырған терроризммен және экстремизммен күрес бойынша өз көзқарастарын білдірді. Одан кейін қатысушы делегаттарға «Сіздің еліңіз терроризммен күресте қабылданған халықаралық механизмдердің тиімділігін қаншалықты бағалайды?», «Сіздің еліңіздің тарапынан экстремистік идеологияның таралуының алдын алу үшін қандай шаралар қабылданды?» және т.б. сұрақтар қойылып, дебаттық талқылаулар өткізілді. Шара соңында әр ел делегаттары халықаралық терроризммен және экстремизммен күрес мәселесі бойынша резолюцияларын оқыды. Шара қорытындысы бойынша студенттерге қатысушы сертификаты беріліп, «Үздік спикер», «Үздік делегат» және «Үздік резолюция» аталымдары бойынша үздіктер анықталды және бағалы сыйлықтар табыс етілді. «Үздік сипкер» - МО-32 топ студенті Ж.Тлекбаева, «Үздік делегат» - МО-22 топ студенті А.Хайруллин, «Үздік резолюция» - МО-22 топ студенті Д.Салимгереев болды.









