6В03106 Аймақтану

1

БББ атауы

6В03106 «Аймақтану»

2

Дайындық бағыты

6В031 Әлеуметтік ғылымдар

3

Мақсаты

Жаһандық және аймақтық халықаралық қатынастар, мемлекеттердің аймақтық саясаты, әлем аймақтарының экономикалық, әлеуметтік, саяси процестері, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты, оның аймақтық саясатының негізгі бағыттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті билік органдарының қызметі, Қазақстан Республикасының коммерциялық құрылымдары саласындағы білімдері мен дағдылары бар, еңбек нарығының өзгеріп отырған жағдайларына тиімді бейімделе алатын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

4

Құзыреттер

КК 1. Жалпы білім беру құзыреті

 

–ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер негіздерінде базалық білім және оларды кәсіби қызметте қолдана білу;

КК 2. Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік

 

Ақпаратты өз бетінше іздеу, іріктеу және құрылымдау білігі;

 

–Қазіргі ақпараттық ағымдарда өзіндік ұстанымының болуы;

 

–Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен және ақпараттық жүйелермен, мәліметтер базаларымен жұмыс істеу дағдылары және оларды кәсіби қызмет саласында қолдану;

 

–Мәселені анықтау және талдау қабілеті, ақпаратпен жұмыс істей білу және қорытындыларды дәлелдей білу

 

 КК 3.  Мемлекеттік, орыс және шет тілдері саласындағы құзыреті

 

–Кәсіби қызмет саласында коммуникативтік мақсаттарда мемлекеттік, орыс және шет тілдерін пайдалану дағдыларын меңгеру;

–Конструктивті диалог құру, көпмәдениетті, көпэтносты және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасау, кәсіби ынтымақтастыққа қабілеттілігі

КК 4. Тұлғаны дамыту саласындағы құзыреттіліктер

–Жеке және кәсіби рефлексия дағдылары және өз қызметінің нәтижелерін сыни тұрғысынан бағалай білуі, неғұрлым кең перспективан көру білуі;

–Кәсіби өсу мен дамудың өзіндік траекториясын қалыптастыра білу, жеке қасиеттері мен қабілеттерін өздігінен дамыту және өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

–Ойлаудың креативтілігі, идеяларды қалыптастыру және іске асыру қабілеті;

–Дербестікті, жауапкершілікті, ұйымшылдықты, мақсатты және т. б. қалыптастыру.

КК 5. Әлеуметтік-этикалық құзыреттіліктер

Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;

– Қоғамның әлеуметтік даму үрдісін білу;

 –Әр түрлі әлеуметтік жағдайларға білімделе білу;

–Қоғамдық пікірге, дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу өзінің кәсіби қызметінде оларды негізге алуы;

–Командада жұмыс істеу дағдылары, өз көзқарасын дұрыс қорғай білу және жаңа шешімдер ұсына білу.

КК 6. Сараптамалық-талдау құзыреттіліктері

–Қойылған мәселе бойынша сараптамалық қорытынды дайындау және сараптамалық қоғамдастықта өз ұсынымдарын қорғай білу;

–ҚР және шет елдердің сыртқы саясатына аймақтық халықаралық қатынастардың, әлемдік саясаттың әсерін талдай білу;

–Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат тарихының әртүрлі түсіндірмелерін сын тұрғысынан талдай білу;

–Халықаралық (жаһандық) және өңірлік қауіпсіздік ортасының негізгі сипаттамаларының динамикасын мониторингілеу дағдыларын меңгеру;

–ҚР ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатер мен қауіп-қатер көздерін анықтай білу.

КК 7. Ғылыми-зерттеу құзыреті/

 –Ғылыми ақпаратты іздеу, сыни талдау, қорыту және жүйелеу әдістерін білу, зерттеу мақсатын қоя білу және оларға қол жеткізудің оңтайлы жолдары мен әдістерін таңдай білу;

–Өз бетінше зерттеу жүргізу, зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау;

–Кәсіби қызметте ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік жұмыстарды ұйымдастыру дағдылары мен әдістерін қолдана білу;

–Аймақтық және халықаралық қатынастарды зерттеудің пәні мен әдіснамасын, аймақтанушының әдістерін білу.

КК 8. Ұйымдастыру-басқару құзыреттілігі

Экономикалық ғылымдар негіздерін білу және менеджмент, маркетинг, қаржы және т. б. туралы ғылыми түсініктерінің болуы және оларды практикалық міндеттерді шешуде қолдана білу;

–Экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттарын және оның әдістерін білу және түсіну;

–Кәсіби қызметте экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы басқарушылық шешімдерді қабылдау дағдыларын меңгеру.

КК 9. Кәсіби-қолданбалы құзыреттер

Аймақтық халықаралық қатынастардың негізгі теорияларын, халықаралық қатынастардың қазіргі өңірлік кіші жүйелерін, олардың проблемалары мен шешу тәсілдерін білу, әлемдік (жаһандық) және өңірлік саясаттың негізгі акторларының стратегиялары мен ресурстарын білу;  

–ҚР үшін жаһандық және аймақтық үдерістерді дамытудың перспективасы мен ықтимал салдарын болжай білу, өңірлік қатынастарды тиімді басқару және ҚР институттарының оған қатысуы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  –Аналитикалық құжаттарды дайындау және стратегиялық жобаларды әзірлеу үшін аймақтанудың негізгі теорияларының ережелерін қолдана білу. 

КК 10. Аспаптық құзыреттер

–Кәсіби және әлеуметтік маңызы бар мазмұндағы мәтіндерді дайындау және редакциялау, рефераттау, БАҚ материалдарымен жұмыс істеу және берілген тақырыптар бойынша баспасөзге шолу жасау, нақты материалдарды табу, жинау және қорыту, кәсіби салада ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындау;

 –Келіссөздер мен іскерлік хат алмасуды жүргізе білу;

–Іс жүргізу, халықаралық құжат айналымы негіздерін меңгеру және дипломатиялық құжаттарды, халықаралық келісімдердің жобаларын, келісімшарттарды, іс-шаралар бағдарламаларын мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде жасай білу.

5

Оқыту тілі

Қазақша, орысша

6

Берілетін академиялық дәреже

Бітірушіге 6В03106 «Аймақтану» білім беру бағдарламасы бойынша «әлеуметтік білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

7

Оқыту нәтижелері

 ОН1.  Қазіргі заманғы IT-жүйелер мен сандық технологияларды пайдалана отырып, халықаралық қатынастар саласындағы ақпаратты іздестіруді, жинауды, талдауды, түсіндіруді жүзеге асыруға қабілетті 

ОН2.  Мемлекеттік мекемелердегі атқару және әкімшілік жұмыстарының негізінде аймақтық басқару жүйесі мамандарының функционалдық міндеттерін орындай отырып, кәсіптік қызметтегі басқарушылық шешімдердің жобаларын жасауда  академиялық адалдық негіздері мен принциптерін қолдануға қабілетті

ОН3.  Аймақтық қатынастар, әлемдік саясат, аймақтану, аймақтық саясат, Қазақстанның, сондай-ақ маманданған елдердің мүдделері мен ұстанымдары саласындағы категориялық аппарат, заманауи зерттеулердің ғылыми әдістері туралы білімін қолдана алады.

ОН4. Сыни тұрғыдан ойлауды, ынтымақтастыққа қабілеттілікті, ұжымда жұмыс істей білуді, кәсіби және жеке өсуге ұмтылысты, зияткерлік, моральдық-адамгершілік, коммуникативтік дағдыларын көрсете білуге қабілетті

ОН5.  Аймақтану, әлемдік және аймақтық саясат мәселелері, олардың Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің сыртқы саясатына әсері бойынша аналитикалық есептер, анықтамалар, сараптамалық бағалар әзірлеуде ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін қолдана алады

ОН6. Қазіргі заманғы аударма технологияларын, синхронды және жазбаша аударма дағдыларын қолдана отырып, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін білу негізінде әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас дағдыларын қолдана білуге қабілетті

ОН7. Жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық пәндер, аймақ елдерінің даму ерекшеліктері, халықаралық және аймақтық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесі, жалпы аймақтанудың негізгі ұғымдары саласындағы білімді инклюзивті орта жағдайында кәсіби қызметке кіріктіруге қабілетті.

ОН8.  Халықаралық саяси процестер, экономиканы мемлекеттік реттеу, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси модернизациясы, Қазақстан Республикасының сыртқы және аймақтық саясаты саласындағы аймақтық саясатты болжау және модельдеу дағдыларын геосаяси тұжырымдамалар мен геосаяси талдау құралдарын қолдана отырып кәсіби қызметте жүзеге асыруға қабілетті

ОН9.  Кәсіптік хат алмасу, этикет және хаттама, келіссөздер жүргізу дағдыларын, қазіргі халықаралық және аймақтық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері білімдерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, халықаралық және өңірлік ұйымдардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін кәсіби қызметте  қолдана білуге қабілетті.

 

Аккредиттеу

5 жыл (2025-2030)


Басып шығару