Әлеуметтік ғылымдар білім беру бағдарламалары

«Әлеуметтік ғылымдар» БББ (Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы) тарихы

            Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы 2009 жылдың 21-қыркүйегінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ № 013(Л)-201 бұйрығымен «Жалпы тарих» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларын біріктіру негізінде құрылды. 2010 жылы кафедра құрамы «Философия және құқық негіздері» кафедрасының оқытушыларымен толықты. Кафедра жалпы тарих, философия және ғылыми коммунизм кафедраларының жетістіктері мен үздік дәстүрлерінің мұрагері болып табылады.

1930-1940 жылдары жалпы тарих курстары біріккен «Тарих» кафедрасы базасы негізінде оқылды. Осы кезге дейін ұрпақтар санасында сақталған тамаша оқытушылар тобы жұмыс жасады. Атап айтсақ Д.О.Медведев, Я.С.Фигельсон, Ф.С.Кузьмин, А.А.Королевский, Ш.Ш.Қаржауов, А.М.Ягнинский, Г.И.Багриков, С.Р.Недлин, Е.Т.Нелюбина тағы басқалары.

Қазақ мектептерін бітірушілер санының артуына байланысты, кафедра қазақ тілінде дәрістер оқуды ұйымдастырды. Тарих факультетінің  ІІ курсында «Тарихты оқыту әдістемесі» курсын оқытушы Ш.Ш.Қаржауов қазақ тілінде жүргізді.  

1953 жылы кафедраға Саратов мемлекеттік университетін бітірген тарих ғылымының кандидаты В.И.Ивакин келді. В.И. Ивакин 1953 жылдан бастап өмірінің бүкіл барысында бірнеше тарихшылар ұрпағын тәрбиелеген ғалым. В.И. Ивакин дәрістері мазмұны және методологиялық ұстанымдары терең шынайы ғылыми деңгейде өтетін. В.И.Ивакинді шын мәнінде 60-70 ж.ж. тарихшыларының Ұстазы дей аламыз.

60-70 жылдары кандидаттық диссертация қорғап, ұзақ еңбек еткен В.И.Ивакин, О.И.Гришина, У.С.Сүлейменов, А.К.Коморов  т.б. кафедра, факультет тарихына қосқан үлестері ерекше. 1967 жылы Москва мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, «Неміс деревнясындағы ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы аграрлық қатынастар тарихы» тақырыбында диссертация қорғаған О.И. Гришина  жалпы тарих кафедрасының ең білікті маманы болды.

            70-жылдары білікті мамандар А.М.Нургалиева, К.И.Кужабергенова, Н.А.Смирнова, Г.В.Мостовщикова, Н.И.Осипов т.б. кафедрадағы қалыптасқан дәстүр, тәртіпті одан әрі жалғастырып, ғылым-тәрбие мәселесіне ерекше мән бере еңбектенді.

2006-2007 жылдары кафедраның аға оқытушылары О.В.Юров «Предпосылки политической интеграции постсоветского пространства» атты  тақырыпта саясаттану ғылымдарының кандидаты дәрежесіндегі диссертацияны қорғады, А.Ш. Журасова жж.1995-1999 жж  аспирантураның сырттай бөлімін  аяқтап, 2007 жылы наурыз айында академик Т.З.Рысбековтың жетекшілігімен «Орал қаласының тарихы: әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму аспектілері (1946-2000 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

Кеңестік жоғары оқу орындарында саяси ғылымды (ғылыми коммунизмді) оқыту 60-70 жылдардың басында енгізіледі. Біздің педагогикалық институтта осы жылдары философия және саяси экономика сияқты ғылыми коммунизм курсы 1963-1964 оқу жылынан бастап әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы аясында оқылды.

Кафедра құрамына: И.Ф Черкашин- каф. меңгерушісі, доцент; У. Т. Қожахметов.-доцент; А.А. Еремин, М. В Прокопов - аға оқытушылар, З. Б Искакова -оқытушы. Зертханашы-Бисекешова Н.Б.

Кафедраның бірінші меңгерушісі И.Ф. Черкашин Ұлы Отан соғысының қатысушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, бұрынғы ректор, КСРО Ағарту ісінің үздігі. Оның тұсында жас оқытушылардың бойына сіңірген жоғары кәсібилік, жауапкершілік, жоғары саяси мәдениет пен ізгі ниет дәстүрлері қаланды.

 1977-1979 жылдары кафедраны философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.В. Прокопов басқарды.

Осы жылдары кафедрада тарих ғылымдарының кандидаты доцент О. И. Гришина, аға оқытушы А. А. Еремин сияқты жоғары білікті оқытушылар жұмыс істеді, Б. Г. Шинтемирова, В.П. Полубабкин, П. А. Добряев, М. Садырова, Б. Қалшабаева кандидаттық диссертацияларын қорғады.

90-шы жылдары кафедра ұжымы Т.Т. Шайхиевпен, А. М. Запрометовпен, Е. Утешевпен, М. Жанузаковпен, А. Ж. Еркигитовпен толықты. Кейін кафедрада тарих ғылымдарының кандидаты З.К. Мухлисова, аға оқытушы Е. Е. Хайдаров, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Т. Д. Шоқабасов, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Д. Б. Абулкасова жұмыс істей бастады. 1992 жылдан аға зертханашы А. Х. Сенгалиеваның атқарған еңбегі зор.

Барлық жылдар бойы кафедра облыс, қала және туған университет ауқымында үлкен қоғамдық-саяси, насихаттық жұмыс жүргізіп келеді. Н. П. Скачкова облыстық "философиялық қоғамды", сондай-ақ облыстық "Знание" қоғамын басқарды, көптеген жылдар бойы сараптамалық комиссияның мүшесі болды, көптеген тұрақты университетішілік тапсырмалары болды.

Кафедраға тән ізденімпаздық және іскерлік атмосфера жағдайында ғылыми-әдістемелік қызметтерді қарқынды жүргізіп, 050203, 050314 «Тарих», 050202 «Халықаралық қатынастар», 050505 «Аймақтану» мамандықтардағы оқу-әдістемелік жұмысты серпінді технологияларды және  жаңа әдістерді қолдана отырып ұйымдастыруда тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Х.И. Кужабергенованың қомақты үлесі бар.

            2005-2007 жылдар аралығында 20-дан астам ғылыми мақалалар мен тезистер даярланып, А.М. Нургалиеваның «Очерки по истории ислама» атты монографиясы жарық көрді. Кафедра оқытушылары Оренбург, Самара, Көкшетау, Саратов, Алматы, Астана қалаларында өткен ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысты.

            Университеттің халықаралық ғылыми байланыстарын қалыпты дамытуға кафедра белсенді қатынасты. 2000 жылдары ТМД жүйесіне белгілі ғалымдар РҒА профессоры А.В. Островский «Халықаралық қауымдастық жүйесіндегі Қытайдың орны мен рөлі», Ульяновск МУ профессоры А.К. Магомедов «Халықаралық саясаттағы Каспий аймағының өзекті проблемалары» тақырыптарына арнайы курстар оқыды, «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану» мамандықтарының студенттері Волгоград МУ, Ульяновск МУ жанында арнайы стажировкалардан өтті. Санкт-Петербург, Алматы, Астана ғылыми орталықтарының ғалымдары: Н.Е. Бекмаханова, С.Г. Кляшторный т.б. проблемалық дәрістер оқыды.       

2009 жылдың 21-қыркүйегінде М. Өтемісов атындағы БҚМУ № 013(Л)-201 бұйрығымен «Жалпы тарих» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларын біріктіру негізінде «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы құрылып, кафедра меңгерушісі болып ә.ғ.к. Д.Б.Абулкасова тағайындалды. Д.Б. Абулкасованың басқа қызметке ауысуына байланысты кафедра меңгерушілігіне 2010 жылдың мамыр айынан  бастап, ф.ғ.к., доцент К.М. Науанова келді.

2012 қыркүйек айынан бастап доцент Г. Б. Сүлейменова кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарса, 2014 жылдан қазіргі кезге дейін т.ғ.к., доцент А.Ш.Журасова кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Осы жылдар аралығында кафедра құрамы жаңа профессорлық-оқытушылық құраммен толығып, кафедраның ғылыми әлеуетін арттырды. Оқытушылар Г.М.Тоқтарова Түркия мемлекетінде, А.Ж.Әмен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD диссертацияларын, Ж.А.Калиева РФ кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады.

2019-2020 жылынан бастап кафедрада «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратура ашылып, жұмыс жасауда.

2023-2024 оқу жылының сәуір айынан бастап кафедра атауы жаңа талаптарға сай «Әлеуметтік ғылымдар» БББ болып өзгертілді. Бүгінгі күні кафедрада 2 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор, 7 ғылым магистрлері, 2 аға оқытушы жұмыс жасайды.

Тарих жалғасуда. Кафедра ұжымы ондаған жылдар бойы қалыптасқан академиялық тәртіп пен дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, уақыт ұсынып отырған жаңа үдерістер қарқыны деңгейіне сай болу бағытында жұмыс жасауда.


Басып шығару