2026 жылғы 24.04 – 30.04 аралығында «Нархоз университеті» КЕАҚ базасында ұйымдастырылған «SUSTAINABLE MARKETING: ENGAGEMENT & TRUST CHALLENGES» тақырыбындағы «Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтті. Олимпиадаға «Маркетинг және бизнес» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері белсенді қатысты:
Мендыхан Д.Б.
Ишкулов Д.В.
Агабалаев Р.М.
Студенттерді дайындау жетекшісі — Бизнес, басқару және туризм білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Чудрова В.У.
Бірінші іріктеу кезеңінен кейін финалға 9 команданың ішінен 10 команда өтті, олардың қатарында біздің өңірлік жоғары оқу орнымыздың командасы да болды. Олимпиада барысында студенттер университет пен команда туралы бейне-визитка дайындап, «Университеттің тұрақты дамуы: студенттердің тартылуы мен сенімі» тақырыбында жоба әзірледі. Жоба аясында студенттер арасында сауалнама жүргізіліп, тақырып бойынша маркетингтік талдау жасалды.
Республикалық студенттік пәндік олимпиада барысында командаларға бизнес-кейс шешу тапсырылды. Біздің студенттер аталған тапсырмаға белсенді қатысып, «Тұрақты маркетинг идеяларын дамыту» номинациясымен марапатталды. Нәтижесінде команда III орын иеленіп, III дәрежелі дипломмен марапатталды.




