«Халықаралық аудит стандарттары» халықаралық олимпиадасы

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды қ.) 2026 жылдың 23 - 28 сәуір аралығында әртүрлі жоғары оқу орындары мен елдердің білім алушыларының басын қосқан «Халықаралық аудит стандарттары» атты халықаралық қашықтық олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға қатысу жекелей түрде жүзеге асырылды.

Э.ғ.к. Ерниязова А.А. жетекшілігімен 6В04111 – «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Дусалиева Арина Шамильевна, Нугманова Ділназ Мұратқызы, Карпова Анастасия Алексеевна аталған олимпиадаға белсенді түрде қатысып, ол екі кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең шығармашылық жұмыстарды жазуды қамтыды – «Қаржылық есептілік және аудит саласындағы жасанды интеллект: жаңа дәуір» тақырыбында эссе жазу.

Эссе студенттің өзекті мәселеге қатысты көзқарасын көрсететін авторлық жұмыс болып табылады. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Дусалиева Арина Шамильевна, Нугманова Ділназ Мұратқызы, Карпова Анастасия Алексеевна қойылған мақсатты сәтті орындап, өзекті мәселені теориялық тұрғыда ашуда өз көзқарастарын білдіріп, әлеуметтік-экономикалық шынайылық фактілерімен дәлелдеді.

Екінші кезең ситуациялық тапсырмаларды шешуден тұрды.

«Халықаралық аудит стандарттары» халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында Нугманова Ділназ Мұратқызы І орынға ие болып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Құттықтаймыз! Нугманова Ділназ Мұратқызына және олимпиаданың басқа қатысушыларына зор денсаулық, шығармашылық табыс және алдағы жеңістер тілейміз.

«Бизнес, басқару және туризм» Білім беру бағдарламасының жетекшісі – Шарафутдинова А.Н.


Басып шығару