2026 жылдың 20 сәуірінде М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Қазіргі заманғы технологиялар және этика мен адамгершілік мәселелері» тақырыбында интеллектуалдық сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған шара жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, заманауи технологиялардың қоғамға әсерін саралауға және адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Сайысқа М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің басқарма мүшесі – тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мерген Қуанышұлы Сулейменов, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, мәдениет және өнер факультетінің деканы, PhD доктор Кажимова Карылгаш Рахымовна, тарих, экономика және құқық факультетінің әлеуметтік ғылымдар білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Есентаева Айжан Муратовна, сондай-ақ Құзіреттілік орталығының әдіскері Ермекбаева Лаура Джасузаковна қатысып, өз пікірлерін білдіріп, жастарға бағыт-бағдар берді.
Сонымен қатар, қазылар алқасының құрамында “Әлеуметтік-эмоционалдық және этикалық, білім беру (СЭЭО) философиялық клубының (PHILCLUB)” алғашқы мүшелері – Серікқали Нұрхат (МО-31), Кушум Дина (ИСТР-31), Дильмуханов Гизат(ИСТ-31), Ғәбділкәкім Әділет (С-31), Ғабдолғазиз Алмас (МО-31) және Юмагул Батырхан (ИСТ-31) болды. Олар сайысқа әділ баға беріп, қатысушылардың ойлау деңгейі мен дәлелдеу қабілетін жоғары бағалады.
Шараны Нығметолла Гүлхан (ТМИ-21) мен Әмір Жанерке (Дизи-21) жүргізіп, кештің мазмұнын терең әрі әсерлі жеткізе білді.
Интеллектуалдық сайысқа бес команда қатысып, әрқайсысы өзекті ойларымен дараланды.
«Цифрлық этика» командасының құрамында Есен Айжан (НО-11), Насетов Алихан (ТМИ-21), Құбай Аида (Дизи-21), Сахан Қарақат (АИ-21), Еділжанұлы Райымбек (Реж-21), Айжарық Нұрсұлтан (Ист-13) және Есбулат Айнара (Хб-21) өнер көрсетті.
«Жасанды интеллект және жауапкершілік» командасында Медетқызы Нұрдана (Но-11), Губашева Арухан (Мидк-21), Жұмалы Темірлан (Ви-21), Бактыгулов Шыңғыс (Ист-21), Қылышбай Шаттық (Мидк-21), Мырзағалиева Жасмина (Хим-21) және Турсынбаев Руслан (Реж-21) өз білімдерін сынап көрді.
«Адам және технология» командасы Каримулда Дильназ (Но-11), Мейрамов Нұрсапа (Аи-21), Кизатова Аяулым (Ия(IP)-21), Бисембаева Айкөркем (Ви-21), Жиенбай Ақжайна (Мо-21), Габдолов Райымбек (Ист-13) және Салық Асель (Мидк-21) есімді студенттерден құралды.
«Цифрлық мәдениет» командасында Айтенова Нұршат (Но-11), Талғатова Ақерке (Мидк-21), Амангельдиев Нурымбек (Тми-21), Төлеуғали Нурила (Ия(IP)-21), Магзумов Сағындық (Реж-21), Байтемір Асыл (Хб-21) және Кумаргалиева Айша (Дизи-21) белсенділік танытты.
Ал «Болашақ және құндылықтар» командасының қатарында Махсотова Алтынай (Но-11), Бикбулатова Аида (Ия(IP)-21), Нгметолла Назар (Ви-21), Мақсотова Айымжан (Мо-21), Болатқызы Дияна (Мидк-21), Қанжар Альбина (Хим-25) және Әміржан Айгүл (Мидк-21),Сағынгереев Бейбарыс (Дизи-21) қатысып, өз көзқарастарын ортаға салды.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. «Жылдам жауап» турында қатысушылар білімдерін нақты әрі жедел көрсетті, ал «Келісемін бе, келіспеймін бе?» кезеңінде күрделі тақырыптар бойынша пікірталас жүргізді. Бұл кезеңде еркіндік пен жауапкершілік, жеке өмір құқығы, жасанды интеллекттің қоғамдағы рөлі сияқты өзекті мәселелер талқыланды.
Финалдық «Ақырғы сөз» турында командалар философиялық тұрғыдан терең ой қозғап, заманауи қоғамдағы адам мен технология арасындағы байланысты жан-жақты саралады.
Шара барысында ұсынылған концерттік нөмірлер кештің көркемдік деңгейін арттырып, қатысушылар мен көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Жалпы, бұл интеллектуалдық сайыс студенттердің тек білімін ғана емес, олардың сыни ойлауын, шешендік қабілетін және адамгершілік құндылықтарға деген көзқарасын дамытуға үлкен ықпал етті. Бүгінгі цифрлық дәуірде мұндай шаралардың маңызы ерекше, себебі технологияны тиімді пайдалану үшін ең алдымен адамгершілік пен жауапкершілік қажет.
Шара соңында жеңімпаздар анықталып, арнайы сертификаттар табысталды.
Осындай мазмұнды іс-шаралар жастардың саналы тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын табуына және болашаққа деген жауапкершілігін арттыруға үлкен мүмкіндік туғызады.














