Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткен «Толық адам» концепциясы негізінде, 4-ақпан күні факультетіміздің студенттерінің арасында «Толық адам: Абайша өмір сүру» формуласы атты дөңгелек үстел өткізілді. Жиырма студентпен толтырылған бұл шарада ұлы ақын Абай атап өткен «толық адам» ұғымына ио-11 тобының студенті Жауынбаева Дана шолу жүргізіп, кейіннен кері байланыс ретінде топтық жұмыста студенттер « Кемел адам болу үшін - 3 басты қасиет, 1 нақты әрекет» атты постер қорғап, пікір алмасу жүзеге асты. Студенттер тақырыпқа қатысты пікірлерін білдіріп, Абайша өмір сүрудің бүгінгі таңда мүмкіндігі туралы ой қозғады. Шара қорытындысында қатысушылар толық адам болу - үздіксіз өзін-өзі дамыту мен саналы өмір салты екені жөнінде ортақ тұжырымға келді.

