«Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі доцент Б.С.Боранбаеваның ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақ зиялыларының мұралары – Қазақстан тарихының дерек көзі» атты дөңгелек үстелге қатысып, баяндамалар оқыған тарих мамандығының 3 курс студенттері: Жапсарбай Е., Жұбандық Б., Қосымжанұлы А., Кунаров Ә., Оқасов Б., Файзуллин С., артына тарихи мол мұра қалдырған қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Санжар Асфендияров, Ермахан Бекмаханов, Манаш Қозыбаевтың өнегелі өмірі мен шығармашылық қызметі туралы тұжырымды пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстелге қатысқан студенттер қазақ зиялыларының өмірі мен олардың Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректану ғылымына қосқан тарихи еңбектері жөнінде мол мәліметтер алғандарын айтып, баяндамышыларға алғыстарын білдірді.

