Міржақып Дулатов – Алаш қайраткері

«Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі доцент Б.С.Боранбаеваның ұйымдастыруымен өткізілген «Міржақып Дулатовтың ағартушылық көзқарастары» атты  дөңгелек үстелге тарих мамандығының 2 және  3 курс студенттері қатысты.

Алаш қайраткерінің өнегелі өмірі мен ағартушылық қызметі  туралы «М.Дулатовтың «Оян қазақ» еңбегінің ағартушылық мәні», «М.Дулатов - репрессия құрбаны», «Гүлнар Дулатова еңбектерінің деректік маңызы» сияқты тақырыптарда баяндама жасаған 3 курс студенттері Дінжанова А., Жамиғолла Д., Қосымжанұлы А., Тұрсынбаева А., Елеусін Т., Русланұлы Ө., Нұрмантай А., Мұратбай Г., тұжырымды пікірлерін ортаға салды. 

Дөңгелек үстелге қатысқан студенттер ұлт жанашыры Міржақып Дулатовтың өмірі мен  ағартушылық қызметінің маңызы сондай-ақ Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова туралы тың деректер алғандарын айтып, баяндамышыларға  ризашылықтарын білдірді.


Басып шығару