«Практикаға бағдарланған білім беру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылдың 18 ақпан күні Тарих, экономика және құқық факультетінде білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру, практикаға бағдарланған оқытуды күшейту және стейкхолдерлер арасындағы әріптестікті дамыту мақсатында «Практикаға бағдарланған білім беру: оқу процесін жетілдіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында білім беру бағдарламаларын жаңартуда жұмыс берушілердің рөлі, дуалды оқыту мен кәсіби практиканы ұйымдастыру және элективті пәндердің мазмұнын нақты кәсіби талаптарға бейімдеу сияқты мәселер талқыланды.

Кездесуге факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, серіктес ұйым өкілдері мен студенттер белсенді қатысып, жұмыс берушілермен бірлесіп элективті пәндер каталогын жаңарту, дуалды оқытуды кеңейту және студенттердің кәсіби практикасын жетілдіру бойынша нақты жол картасы талқыланды.


Басып шығару