2025 жылдың 21 қарашасында М.Өтемісов атындағы БҚУ-де Халықаралық философия күніне орай «Әлеуметтік-эмоциональдық этикалық білім беру (СЭЭО)» философиялық клубының ұйымдастыруымен интеллектуалдық шара өтті. Шараны философия ғылымдарының кандидаты , әлеуметтік ғылымдар білім беру бағдарламасының аға оқытушы Есентаева Айжан Мұратовна ұйымдастырды.
Шараға Тарих, экономика және құқық факультетінің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары, аға оқытушы, магистр Жалекенова Гулбарам Тлеккабыловна және әлеуметтік ғылымдар білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр Майманова Нуршат Нуркановна қатысты.
Айжан Мұратовна ЮНЕСКО бастамасымен Халықаралық философия күні қараша айының үшінші бейсенбісінде атап өтілетінін айтып, философияның қоғамдағы рөлін көтеру, сыни ойлау мәдениетін дамыту және адамзат мәселелеріне философиялық тұрғыдан қараудың маңызын ерекше атап өтті.
Шараға 2 курс студенттері: Халықаралық қатынастар (МО-21):
Жиенбай Ақжайна, Қуанышева Перизат, Мақсотова Айымжан, Ибраш Қарақат және Сабырова Сабина (Т-21), Анвар Дәурен (Ф-21), Каримжанова Баян (Т-21), Закария Фатима (Т-21), Мажитова Алина (Т-21), Карес Калампыр (Т-21), Лесқызы Гүлсезім (ИО-21), Орысбай Несібелі (ИО-21), Айжарық Нұрсұлтан (ИСТ-23), Бақтығұлов Шыңғыс (ИСТ-21), Өсербай Айназ (ИАДМ-21), Жүсіп Гүлжанат (ИАДМ-21), Аязбай Назерке (ПД-21), Избанова Айзада (ЮР-23), Еламан Досымхан (ЮР-23), Сагатова Аружан (ЮР-25), Сапарғали Аяулым (ЮР-21), Сабыржан Әділ (ЮР-21) қатысты.
Жүргізушілер Саян Мақсотов (ИО-21) пен Ақтілек Дәулетбекқызы (ИО-21) философия тарихындағы өмірдің мәні мен бақыт туралы негізгі идеяларды таныстырды.Студенттер Сократ, Аристотель, Марк Аврелий, Кант, Сартр, Камю идеяларын талқылап, өз көзқарастарымен бөлісті. Студенттер интеллектуалдық ойындар ойнап, 4 кезеңнен өтті:
- Философиялық ұяшықтар – өмірдің мәні мен бақыт туралы сұрақтар;
- Интеллект аренасы – логикалық, танымдық сұрақтар;
- Философиялық дуэль – қысқа пікірталас;
- Философтың мозаикасы – ойшылдардың суреттерінен мозаика жинау.
Философиялық шараны қорытындылай келе,әділқазылар барлық кезең бойынша топтардың алған ұпайларын есептеп, студенттерді сертификаттармен марапаттады.
Интеллектуалдық шара студенттердің сыни ойлау, философиялық тұрғыдан талдау қабілеттерін және командамен бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылығын арттырды. Философиялық шара жоғары деңгейде өтті және қатысушыларға өмірдің мәні мен бақыттың табиғаты туралы терең ойлануға мүмкіндік берді.





