2025 жылдың 17 қарашасында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Тарих, экономика және құқық факультетінде өтіп жатырған «Жоғары мектептің цифрлық трансформациясы: ЖИ құралдары арқылы оқытуды жетілдіру» тақырыбындағы әдістемелік айлық шеңберінде философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Есентаева Айжан Муратовна философия пәнінен «Қоғам және мәдениет философиясы: дәстүр мен технологияның тоғысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа Тарих,экономика және құқық факультетінің деканы: Журасова Алтынай Шугаевна, т.ғ.к., профессор, әлеуметтік білім беру бағдарламасынан Асхат Жангелдіұлы Әмен, PhD, аға оқытушы және аға оқытушылар Куспанова Айгерим Жалғасовна, Кенжегулова Алия Александровна, оқытушы Майманова Нуршат Нурхановна,университеттің құзыреттілік орталығының әдіскері Ермекбаева Лаура Джасузаковна қатысты.Ашық сабаққа ИСТ-21, ИСТ-23, ИАДМ-21, ИО(IP)-21 топтары қатысып, белсенділік танытты. Пікірталасқа белсенді қатысқан студенттер: ИО-21 тобынан Орысбай Несібелі, ИСТ-21 тобынан Мұратова Асылжан, Рыскалиева Еркежан, Ғарифолла Мейірман, ИАДМ-21 тобынан Уринова Жайна болды. Ал постер дайындап, таныстырғандар қатарында ИСТ-21 тобынан Мұратова Асылжан, Ғарифолла Мейірман, ИСТ-23 тобынан Еркебаева Диана, Айжарық Нұрсұлтан, ИО(IP)-21 тобынан Даулетбекқызы Ақтілек, Исмагулов Жеңіс, ИАДМ-21 тобынан Жүсіп Гүлжанат, Уринова Жайна өз жұмыстарын таныстырды. Топтық талқылау кезеңінде Өсербай Айназ, Серикова Аружан, Амантай Сырға, Газизуллина Сабина, Жасұланұлы Нұртас, Болат Салтанат, Ақылбекова Аяжан, Ғалымжанова Аружан, Ғабдолов Райымбек, Болатов Нұртай белсенділік танытып, технология мен мәдениет, дәстүр мен жаңашылдықтың тепе-теңдігі жайлы өз ойларын ұсынды.
















