2026 жылғы 21 наурызда Астана қаласында, Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамын мерекелеу аясында «Орталық Азияның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Байқауға Орталық Азия елдерінен: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан студенттері қатысты.
4-курс студенті Сюнтиева Карина «Әлеуметтік ғылымдар» білім беру бағдарламасының профессоры Нургалиева Агила Мұстахимқызының ғылыми жетекшілігімен дарынды студенттерге арналған халықаралық байқауға қатысты. Аталған байқау Орталық инновациялық білім беру орталығы мен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Сюнтиева Карина жеңімпаз атанып, I дәрежелі дипломмен және Орталық Азия елдеріндегі жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін «Орталық Азияның үздік студенті» төсбелгісімен марапатталды.
Сюнтиева Каринаны осы айтулы жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!




