3 қараша 2025 жылы Әлеуметтік ғылымдар білім беру бағдарламасының аға оқытушысы А.Ж. Куспанованың ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Жаңа орта – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы практикалық тренинг өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің жаңа оқу ортасына бейімделуіне, ішкі мотивациясы мен кәсіби өзін-өзі дамыту қабілеттерін арттыруға қолдау көрсету болды.
Тренингті кәсіби психолог, тәжірибелі маман Құрманғалиева Назерке Хамитқызы жүргізді. Іс-шара барысында қатысушылар тұлғалық өсу, өз әлеуетін тану, уайым мен қобалжуды еңсеру, тиімді коммуникация және өз-өзіне сенімділікті қалыптастыру бағыттарында түрлі психологиялық жаттығулар орындады.
Спикер студенттермен ашық пікір алмасып, өз кәсіби тәжірибесінен алынған мысалдар арқылы мотивация мен өзін-өзі жетілдірудің тиімді тәсілдерін ұсынды. Психологиялық тренинг жылы және достық атмосферада өтті.
Кездесу соңында студенттер ұйымдастырушыларға және Назерке Хамитқызына пайдалы кеңестері мен мотивациялық бағыт-бағдары үшін алғыстарын білдірді. Іс-шара студенттердің жаңа ортада өз әлеуетін толық ашуға, кәсіби және тұлғалық даму жолында жаңа мүмкіндіктерге сеніммен қарауға ықпал етті.


