«Халықаралық қатынастар динамикасында цифрлық даму факторы ретінде жасанды интеллект»

19 қараша 2025 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің тарих, экономика және құқық факультеті базасында «Халықаралық қатынастар динамикасында цифрлық даму факторы ретінде жасанды интеллект» тақырыбына арналған студенттік Біріккен Ұлттар Ұйымы Моделі өтті.

Іс-шара МО-32 тобының студенті Азамат Хайруллин мен МО-42 тобының студенті Дана Куспанованың жетекшілігімен дайындалды және ұйымдастырылды. Ұйымдастыру комитетінің ассистенті ретінде МО-32 тобының студенті Жұлдыз Мақан қызмет атқарды.

Іс-шараға әдістемелік және ғылыми-ұйымдастырушылық қолдауды «Әлеуметтік ғылымдар» білім беру бағдарламасының аға оқытушылары Есеева Г. Н., Науанова К. М. және Мырзабаева Б. М. қамтамасыз етті.

БҰҰ Моделінің жұмысына келесі білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты: «Халықаралық қатынастар» — МО-12, МО-32, МО-41, МО-42 топтары; «Тарих» — Ист-31-1 және Ист-42 топтары; «Тарих – Қоғамтану» — ИО(IP)-22 тобы.

Жалпы делегаттар саны 28 студентті құрады. Олар Азия, Еуропа және Солтүстік Америка елдерін таныстырып, әрқайсысы нақты бір мемлекеттің дипломаты ретінде оның сыртқы саяси басымдықтарын талдап, талқыланған тақырып бойынша ұлттық ұстанымды қалыптастырды.

Отырыс барысында студенттер жасанды интеллектті реттеу мәселелері бойынша мемлекеттердің ресми позицияларын ұсынды; модерацияланған және беймодерацияланған пікірталастарға қатысты; мүдделер бойынша коалициялар мен блоктар құрып, түрлі елдер топтары арасында ымыралы шешімдер іздеді.

Жұмыс қорытындысы ретінде халықаралық ортада жасанды интеллект технологияларын дамыту және қолдану жөніндегі келісілген көзқарастарды қамтыған қорытынды резолюция жобасы қабылданды. Дискуссиялар жасанды интеллекттің жаһандық қауіпсіздікке әсері, оның қолданылуының этикалық қырлары, халықаралық реттеудің қажеттілігі, мемлекеттер арасындағы цифрлық теңсіздік және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық перспективалары сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Іс-шара қатысушылардың дипломатиялық, аргументациялық және шешендік дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік пен технологиялық даму мәселелерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. БҰҰ Моделі халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік ғылымдар саласындағы болашақ мамандарды даярлауға бағытталған маңызды білім беру алаңына айналып, олардың сыни ойлау қабілетін және көпжақты диалог жүргізу машығын дамытуға ықпал етті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, аналитикалық қабілетті және жаһандық өзекті мәселелерге қызығушылығын көрсетті.


Басып шығару