2024 жылдың 4 мамыр күні Алматы қаласында Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) базасында Халықаралық қатынастар және Аймақтану білім беру бағдарламалары бойынша ХҮІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізіліп, халықаралық қатынастардың өзекті «Тұрақты даму және Қазақстанның сыртқы саясаты» тақырыбына арналды. Аталған шара халықаралық қатынастар мен аймақтану саласындағы жетекші сарапшылар мен жас таланттарды жинады. Олимпиада жұмысына БҰҰ Ғаламдық коммуникациялар Департаментінің өкілі және ҚР-дағы БҰҰ Ақпараттық Бюросының басшысы Властимил Самек төрағалық етті. Республикалық студенттік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша құрамында Хайруллин Азамат, Амантаева Перизат, Ғабдолғазиз Алмас болған М.Өтемісов атындағы БҚУ командасы (тілі: ағылшын) жүлделі 2 орынға (ғылыми жетекшісі: Г.Н.Есеева) ие болса, құрамында Хамитова Мадина, Ермағамбетова Камила, Серікқали Нұрхат болған команда (тілі: қазақ) «Үздік креативті презентация» арнайы номинациясы (ғылыми жетекшісі: Н.Н.Майманова) бойынша мараптталды. Әлеуметтік ғылымдар БББ атынан студенттеріміз бен олардың ғылыми жетекшілеріне шығармашылық табыстар мен жаңа белестерді бағындыруын тілейміз.





