«Қазіргі әлемдік тәртіп жағдайындағы Қазақстан: өзекті міндеттер мен даму болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2022 жылдың  20 қазан күні  Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының үйымдастыруымен 25-қазан Республика күніне орай «Қазіргі әлемдік тәртіп жағдайындағы Қазақстан: өзекті міндеттер мен даму болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция модераторы аталмыш кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Алтынай ШугаевнаЖурасова.

Конференция барысындаонлайн түрде Польша мемлекетінің Ұлы Каземир университетінің профессоры, саяси ғылымдар докторы Нарцисс Шукуралиева «Нарративы безопасности Казахстане и Кыргызстане в контексте войны в Украине» атты, Ягеллон университетінің (Польша, Краков) саяси және басқару ғылымдарының докторы Иоахим Дец «Демографические и экономические тенденции как индикаторы будущего развития и международного партнерства Казахстана», Ягеллон университетінің(Польша, Краков) докторанты  Крыстиан Пачуцкий-Влосек «Начало четвертого десятилетия развития НПО в Казахстане: возможности, проблемы и вызовы», Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, «Аймақтану» кафедрасының меңгерушісі, саясаттану PhD докторы Оспанова Айгерім Нуралиевна «Проблемы и перспективы развития высшего образования Казахстана и России» атты баяндамалар жасады. 

Сондай-ақ саяси ғылымдар докторы, дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының доценті С. С. Маметова, кафедра аға оқытушысы Т.Т. Шайхиев,  ф.ғ.к., доцент К.М. Науанова, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ  «ҚР тарихы және қоғамдық саяси пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Сералы Ақбар Мұхамеджанұлы әсерлі баяндамаларымен бөлісті.

Конференция жоғары деңгейде өтті.


Басып шығару