«Сайлау қорытындысы және қоғамды демо- кратияландыру үрдісі» атты дөңгелек үстел

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен университетімізде 2021 жылдың 22 қаңтар күні «Сайлау қорытындысы және қоғамды демократияландыру үрдісі» атты онлайн дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелді модератор, М. Өтемісов атындағы БҚУ, оқу үрдісін жоспарла және ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, Өтемісов бастауыш партия ұйымының төрағасы, биология ғылымдарының магистрі Кожиахметов С. А жүргізді.

Шара барысында №36 орта білім беретін мектеп директоры, Орал қалалық маслихат депутаты Ғұбашева Азима Зиннатқызы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы және қалалық мәслихат жанындағы жастар мәселесі жөніндегі комиссияның алдында тұрған міндеттері туралы», Батыс Қазақстан инновациялық және телокоммуникациялық жүйелер университеті құрылтайшысының орынбасары, Орал қалалық маслихат депутаты  Маратова Аида Маратовна «Сайлау алдындағы кезеңдегі үгіт-насихат жұмысы және депутаттың мәртебесі туралы», Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға-оқытушысы, магистр Гайсина Мақпал Батыргалиевна «Сайлау- демократиялық қоғамның негізгі элементі ретінде», аталмыш кафедраның оқытушы-магистрі Зейнуллин Райымбек Бақытжанұлы «Таңдау еркі және жауапкершілік» атты баяндамалар жасады.

Дөңгелек үстелге «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы, Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жанар Дүйсенғалиқызы Жумагазиева, университет оқытушы-профессор құрамы, жас ғалымдар мен магистрлер, студенттер қатысты.


Басып шығару