ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын Тарих, экономика және құқық факультетінің студенттер арасында кеңінен насихаттау мақсатында 2021 жылдың 26 қаңтар -1 ақпан аралығында арнайы шара ұйымдастырылды. Шара барысында Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент Б.С. Боранбаева, ф.ғ.к., доцент К.М. Науанова, аға оқытушы-магистрлер М.Б. Гайсина, А.Ж. Амен, оқытушы-магистр Р.Б. Зейнуллин факультеттің 1-3 курс студенттеріне баяндама жасап, олармен ой бөлісті.