«Қуатты ел және кемел халық» атты онлайн дөңгелек үстел

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына арналған «Қуатты ел және кемел халық» атты онлайн дөңгелек үстел оздырылды. Шара барысында дөңгелек үстелдің модераторы, дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент А.Ш Журасова сөз сөйлеп, кафедра оқытушылары ф.ғ.к., доцент К.М. Науанова «ҚР тәуелсіздігі: тарих және қазіргі заман», т.ғ.к., доцент Б.С. Боранбаева «ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»  атты мақаласының өзектілігі», аға оқытушы Т.Т. Шайхиев «Қазақстан тәуелсіздігінің төртінші онжылдығындағы саяси реформалардың жаңа толқыны», кафедра оқытушысы, магистр Р.Б. Зейнуллин «Мәдени мұра тәуелсіздік тірегі» атты баяндама жасады. Дөңгелек үстел соңында пікір алмасып, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер өз ойларымен бөлісті.

 


Басып шығару