Қазан айының 22 жұлдызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің “Тарих, экономика және құқық” факультеті, Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушылары, 1 курстың топ кураторлары А.Қ.Отеуова және Т.И.Қазиевтің ұйымдастыруымен “Менің болашақ мамандығым-заңгер” атты ашық кураторлық сағат ұйымдастырылды. Кеш қонағы ретінде Индер АПБ ЖПҚб-нің ЮПТ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Амангельдиева Айдана Саматқызы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған бейімдеу орталығының қызметкері Қайыржан Айнара Нұрбайқызы, Куанышкалиева Гульвира Сабитовна Атырау қаласы Ішкі істер басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау бойынша кезекші инспекторының қызметі сынды белді университет қабырғасының түлектері қатысты.Ұйымдастыру мақсаты-заңгер болу-заман талабы демекші,мамандықтың қыр-сырын,ерекшеліктері мен кемшіліктерін түсіндіру. Оқу жүйесі жайында сөз қозғау. Шара барысында студенттер өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын кеш қонағына қойып, біршама пайдалы кеңестер мен кеш қонағы жайлы бірнеше ақпараттар алды. Сөз соңында Жастар ісі жөніндегі комитеттің аға консультанты Е.Ж.Ешимова кеш қонақтарына өзінің де тілек-лебіздерін білдіріп,шараның жоғары деңгейде атап өтілгенін айтып, студенттерге алдағы өмірге сәттілік тіледі.