17.02.2026 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті «Тарих, экономика және құқық» факультетінде Құқықтану, Құқық қорғау қызметі және Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу білім беру бағдарламасының студенттерімен БҚО Экономикалық тергеу департаменті өкілдерімен кездесу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға департамент басшысы Ерзаков Ж.Қ. және кадр бөлімінің бас мамандары Мухамбеткалиева А.М. мен Ергалиева Ә.Ж. қатысып, 3-курс студенттерімен еркін форматта кәсіби бағытта пікір алмасты.
Кездесу барысында экономикалық қылмыстармен күрес саласындағы қызметтің ерекшеліктері, Экономикалық тергеу департаментіне мемлекеттік қызметке қабылдау талаптары мен жұмысқа орналасу тәртібі туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы білім алу мүмкіндіктері таныстырылды. Қатысушыларға танымдық бейнероликтер көрсетіліп, саладағы нақты жұмыс үдерістері түсіндірілді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар беріліп, болашақ мамандарға қажетті кәсіби дағдылар мен жеке қасиеттер жөнінде мазмұнды кеңестер ұсынылды. Кездесу жастардың құқық қорғау органдарындағы қызметке қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби бағдарын айқындауға оң ықпал етті. Аталған іс-шара студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді тереңірек түсінуге және өз болашағына жауапкершілікпен қарауына үлкен мүмкіндік берді.

