«Ата заң – асыл мұраттар бастауы»

2025 жылдың 25 сәуірінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Тарих, экономика және құқық» факультетінде «Құқық» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 – жылдығына орай «Ата заң – асыл мұраттар бастауы» атты дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстел жұмысына «Құқық» білім беру бағдарламасының профессорлық оқытушылар мен білім алушыларынан басқа, арнайы шақырылған қонақтар да қатысты. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Президент Істері басқармасы жанындағы Парламентаризм институты директорының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының докторы Бекжанов Берік Айдарбекұлы өз баяндамасында Қазақстан Республикасындағы заң шығару саласындағы негізгі реформалар мен болашақтағы даму бағыттары туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында келесі спикерлердің баяндамалары тыңдалды:

1. Құқық білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Нуржанова Айнагул Канаткалиевна;

2. Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция капитаны Калиоллиев Сабит Габитұлы

3. Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Амангелді Айнұр Талғатқызы 

4. Орал қаласының №2 соты әкімшісінің бас маманы, сот отырысының хатшысы Муканова Альбина Заирқызы

Дөңгелек үстел тақырыбы тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. ПОҚ мен студенттер баяндамашыларға сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Сондай – ақ, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, қатысушыларға алғыстарын білдірді.


Басып шығару