Орал қаласының Зейін мектебінде ұйымдастырылған кәсіби бағдар жұмысы барысында Құқықтану БББ аға оқытушысы, з.ғ.м. Есенгазиева Айнур Калимовна БҚУ-нің тарихы, факультеттері, кітап қоры, мемлекеттік гранттар, оқу процессі, өндірістік сараман, академиялық ұтқырлық, әскери дайындық туралы толық ақпарат бере отырып, 2025 жылғы мектеп түлектеріне ақылы және гранттық негізде жоғары оқу орындарындарына, соның ішінде М.Өтемісов атындағы БҚУ-ға түсудің негізгі талаптарын түсіндірді. Кездесу барысында Құқықтану мамандығы туралы толық ақпарат беріліп, презентация жасалды. Құқық бағытына қарасты мамандықтардың айырмашылықтары мен артықшылықтарына толық тоқталып, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді. Аталған мектептің 10-11 сыныптарының ішінде 14 оқушы Құқықтану мамандығын таңдап отыр. Оларға кеңес алу үшін университетіміздің кәсіби бағдар бөлімімен байланысу жолдары айтылды. Сонымен қатар оқушылар факультетімізбен толық танысу үшін жылда өткізілетін ашық есік күніне шақырылды.
Оқушылар қызығушылықтарын танытып, ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Кездесудің соңы Құқықтану мамандығының негізін және балалардың қызығушылығын арттыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған ойынмен аяқталды.