Ұлттық құндылық ұлт тәрбиесі

14.02.25 жылы Тарих, экономика және құқық факультеті Құқық БББ ұйымдастыруымен *Ұлттық құндылық ұлт тәрбиесі» атты шарасы атап өтілді. Аталған шараның маңызы өте зор, себебі ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті, рухани құндылықтарды сақтау және дамытуға бағытталған. Мұндай шаралардың мақсаты — жастарды ұлттық құндылықтарға, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге деген құрметке тәрбиелеу, оларды ұлттық бірегейлік пен патриотизмді сезінуге баулу табылады.

Шараны өткізудің маңыздылығы ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, ұлттық мәдениет пен тілдің маңыздылығын түсіндіру. Факультетімізде ұйымдастырылған мұндай тәрбие жұмысының өзектілігі студенттердің рухани және моральдық дамуына ықпал етеді, оларды адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік сияқты құндылықтарға тәрбиелеуді насихаттау болып табылады. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды ұстану елдің тарихи және мәдени мұрасын құрметтеу сезімін қалыптастырады, жастар арасында Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтады, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу мен сақтау әлеуметтік бірлікті күшейтіп, әртүрлі ұлттар мен этникалық топтар арасындағы өзара түсіністікті арттырады.


Басып шығару