Тарих, экономика және құқық факультеті Құқық БББ студенттері мен оқытушылар құрамы және БҚО бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасы өкілдерімен кездесу өткізілді. Құқықтық статистика басқармасының өкілдері сот төрелігі және арнайы есепке алу саласындағы қызметтеріне және Қазақстандағы заңдардың сақталуын бақылау, құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету бағытындағы қызметіне тоқталып өтті. Сонымен қатар Құқықтық ақпараттарды жинау және сақтауға қатысты ақпараттармен бөлісіп студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.