Қазанның 13-і күні тарих, экономика және құқық факультетінің, құқықтану кафедрасының ұстаздары - Казиев Тайман Исмагулович пен Досжанов Қайырбек Мырзағожаұлы студенттерді криминалистикалық полигонға апарды. Басқарма басшысы, полиция полковнигі Магзумова А.Т. сөз бастап қызмет барысын түсіндіріп, мамандық туралы көптеген мағлұматтар берді. Криминалистік жедел басқамасының аға полиция лейтенанты Жараспай А. Ж. студенттерге қылмысты ашу барысындағы құрал жабдықтарды түсіндірді. Практикалық түрде мысалдар айтылып, жұмыс барысындағы тәжірибесімен бөлісті.