Құқықтану мамандығының 1-курс студенттері «Тәуелсіз Қазақстан – ел ертеңі» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды

    Жуырда құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы А.Ж.Куспанованың ұйымдастыруымен құқықтану мамандығының 1-курс студенттері арасында халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қадам басуына орай «Тәуелсіз Қазақстан – ел ертеңі» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.
   Бірнеше турдан құралған сайыста студенттер еліміздің тарихын зерделеп, өткеніне көз жүгіртті. Ақыл-ой мен жүйріктікке баулыған сайыста студенттер өздерінің танымдық деңгейін көрсете білді.

 


Басып шығару