Құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен университетіміздің ардаргер ұстазы болған, Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін аудандық, облыстық атқару комитеттерінің Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасының Алғыс хаттарымен, "Милиция үздігі", "Үздік қызметі үшін" белгілерімен, "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталған және "Ішкі істер органдарының құрметті ардагері" атағын иеленген құқықтық пәндер кафедрасында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Нәбиев Жұмабай Нәбиұлын еске алу кеші оздырылды.
Кешке қонақ ретінде зайыбы Ермекова Шайғаным апаймен ұрпақтары және Жұмабай ағаның әріптес достары қатысты. Еске алу кешінде Нәбиев Жұмабай Нәбиұлының жазған өлеңдері, ой-толғаныстары мен естеліктері жинақталған кітаптың тұсауы кесілді.
Кеш барысында қонақтар Жұмабай Нәбиұлы туралы естеліктерімен бөліссе, құқықтану мамандығының 1-курс студенттері ардагер ұсазымыздың жазған шығармаларын жатқа айтып, кештің көркін келтірді.