"Қазақ поэзиясының хан тәңірі!"

22 ақпан күні Құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы Куспанова Айгерим Жалғасқызының ұйымдастыруымен "Қазақ поэзиясының хан тәңірі!" атты Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби сазды кеш өтті.
Кештің мақсаты - қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту.
Құқықтану мамандығының 2-курс студенті Қайырболат Ақтілектің бастауымен "Поэзия" өлеңін 1-курс студенті Магзом Қанаттың оқыуымен әдеби сазды кеш жалғасын тапты. Мұқағали Мақатаев туралы қызықты деректері Опиева Алуа оқып берді. Одан әрі Юр-33 тобының студенті Мұхамбетжан Аманжанұлының орындауындағы ән мен Ерлан Жүністің “Мұқағали дауысы" атты өлеңін Жумажанова Мейржанның оқуымен жалғасты.
Ақиық ақынның ауқымды тақырыбының бірі махаббат туралы өлеңдерін Сатыбалдиева Диньназ, Исабекова Гульшат оқып берді. Марленова Асылзада, Абдрахманова Асель, Сариева Гулдана, Куаналин Еркасым, Сайлаубайқызы Балнұр сынды студенттер де кешке белсене қатысты. Ал Бақытова Айкөркем, Аманжол Меруерт, Мұратова Гүлнұр өз өнерлерін ортаға салды.
Кеш соңында М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Түймеш Малбағарқызы студенттерге өз кеңесін айтып, Жастар ісі жөніндегі комитеттің аға консультанты Жанбота Есенгалиевна студенттерге әрі қарай оқуда сәттілік тіледі.
Ақтілек Қайырболат,
Юр /у-29 тобының студенті

 


Басып шығару