"Сән мен сымбат әлемі" онлайн кездесу кеші

13.11.2020 ж күні Тарих, экономика және құқық факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Н.Н.Майманова  және ҚР Президенті атындағы шәкіртақы иегерлері  А.Елеусинова, М.Смағұл, Б.Задагереева, З.Максимов, А.Маратованың ұйымдастыруымен “Сән мен сымбат әлемі” атты онлайн кездесу кеші өткізілді.

Кешке қонақ ретінде Орал қаласының белгілі визажисті Ақұштап Құспан, тәжірибелі  дизайнер Сауле Сарманбекова, талантты фотограф Еркебұлан Тыныштықов қатысып, шеберлік сағатын өткізді.  Шара барысында қонақтарға студенттер сән, дизайн, бояну және фотоөнер бойынша қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алды. Сонымен қатар, кештің қатысушы студенттеріне арнап шеберлер өздерінің арнайы промокодтарымен жеңілдіктер ұсынды.


Басып шығару