1) 23.11.2020 жылы Тарих, экономика және құқық факультеті, құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен тәуелсіздік күні қарсаңында және Қазақстан Ғылым академиясының академигі, еңбек сіңірген ғалым, профессор, заң ғылымдарының докторы Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдық мерей тойына арналған «Қазақ қоғамындағы заңгерлердің қалыптасу мектебі» атты дөңгелек үстел оздырылды.
Тəуелсіз Қазақстанда батыстық өркениеттің жемісі болып табылатын құқықтық мемлекетті қалыптастыру қажеттілігі бүгінде өзекті болып отыр. Осы жолда біз еркін демократиялық қоғамды дамытудың жедел бағытын жария еттік.
Ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады. Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық құқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт –дәстүрлермен анықталады. Саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық құндылықтарымен сусындаған Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Р.Мәрсеков, Ж. Досмұхамедов,С.Зиманов, С.Сартаев сынды тұлғалар қазақ қоғамындағы заңгерлер мектебінің қалыптасуына негіз болды. Қазақ зиялыларының өмірі мен ісін мұқият зерттеп, олардың жетістіктерін бағалап, даналығын бағамдап және олар ашқан ақиқатты пайымдау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде келесідей баяндамалар оқылды.
- А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Смагулова Асыл Смагуловна; «Қазақ қоғамындағы құқықтық көзқарастың қалыптасуының негізін қалаушылар»
- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Шаяхметова Жанна Бекболовна; «Қайыржанов Елеген Ізтелеуұлы-Қазақстан криминологтарының негізін салушы»
- І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Чингаева Бакыт Кенесаровна «Роль юриста в обществе»
- » Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Идресова Үздік Хамитқызы; «Қазақ заңгерлер легінің көшбасшысы-Бақытжан Қаратаев
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Боранбаева Бақтылы Сансызбаевна. «Қазақтың тұңғыш заңгері-Алаш ардақтысы Райымжан Мәрсеков»
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Байбулсинова Альфия Сабыргалиевна «Тұңғыш қазақ прокуроры-Сәлімгерей Нұралыханов»;
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Досанов Мурат Ускенбаевич. «Қазақ қоғамында заңгерлерді қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың маңызы»
- М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Назаркулова Лаззат Талгатовна. «Роль академика Сартаева С.С. в становлении независимости Казахстана»
- Тарих ғылымдарының кандидаты, прокурор «Ұлтының ардақты ұлы-Жаһанша Досмұхамедов» Мажитов Равиль Сағадатович.
2) 23 - желтоқсан 2020 жылы Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша 1-3 курс студенттері арасында «Қазақстандағы заң ғылымының көш бастаушысы» атты онлайн форматта студенттік ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференцияның негізгі мақсаты «Ғылым сардары» атанған С.Зиманов қазақ ғылымын биік белеске көтерген ғалымның негізгі еңбектеріне тоқталу болып табылды. Конференцияға 1-3 курс арасынан 40 студент қатысты. Негізгі баяндамаларды 5 баяндамашы жасады.
Олар:
- «Ұлы дала-ұлы тұлға», Галимова Н – Юр-11
- «Мемлекеттіліктің дамуына үлес қосқан - С.Зиманов», Ниятиллаева Г. –Юр-11 тобының студенті.
- «С.Зимановтың ғылыми еңбек жолы», Серикова Т С. - Юр-23 тобының студенті.
- «С.Зиманов-Конституцияның негізін салушы», Турбаева А. С. – Юр-31 тобының студенті.
- «С.Зиманов - мемлекет және қоғам қайраткері», Дүйсекова Д. - Юр-39 тобының студенті.
3)20-қаңтар 2021 жылы Құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен құқықтану мандығының 1-2 курс студенттері арасында «Салық Зиманов - патриот, азамат, ғалым» атты эссе байқауы оздырылды. Байқаудың негізгі мақсаты ғалымның өмірі мен қызметі жайлы, қатардағы жауынгерден гвардия майорына дейінгі өсу жолы, академиктің депутат, заң шығару органдарындағы түрлі комитеттердің төрағасы және тәуелсіз еліміздің идеологы ретіндегі қызметін баяндау арқылы Салық Зимановты елінің жанашыр азаматы, патриоты және еңбектері жоғары бағаланған ғалым екендігін дәріптеу. Байқауға құқықтану білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері қатысып, өз жұмыстарын қазылар алқасының төрағалығына ұсынды. Эссе жұмыстарына қойылған талаптар мен бағалау критерийлеріне сай келген жұмыстар, қазылар алқасының тарапынан қолдау тауып, жоғары бағаланды. Байқауға түскен әр жұмысты саралай отырып, студенттердің ой-өрісінің кеңдігін, сөз саптау ерекшеліктерінің жоғары екендігін қазылар алқасы атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен:
І орын:
«С.Зиманов- Қазақстанда заң ғылымдарының негізін қалаушы», Закина А – юр-21 тобының студенті
ІІ орын:
«С.Зиманов- құқықтық ғылымның патриархы», Саламатова Алтынай –юр-21 тобының студенті
ІІІ орын:
«Қазақ елінің заңнамасынаң заңгері», Сайлаубайқызы Б-юр-11 тобының студенті
«Есімі ел есінде қалған тұлға», Сариева Г –юр -13 тобының студенті иеленді.
Құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы А.Ж.Куспанова