Желтоқсан айының 4-ші жұлдызында онлайн форматта тарих,экономика және құқық факультетінің құқықтану мамандығы бойынша топ кураторы Өтеуова Ақжамал Қадіржанқызының ұйымдастыруымен Юр-11 және Юр-13 тобына рухы биік тұлға Махамбет Өтемісұлына арналып кураторлық сағат өткізілді.Қадірменді кеш қонағы ретінде ҚР тарихы кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Есеналин Ақылбек Ғабиденұлы шақырылды.Махамбет Өтемісұлы-азаттық үшін алысқан,елі үшін егескен жалынды ақын,намысшыл ержүрек ақын.Дәріс барысында қазақ тарихында ғасырдан-ғасырға жалғаса беретін, уақыт өткен сайын қын түбінде жатпас алмас қылыштай жарқырай беретін тұғырлы тұлға Махамбет жайлы көптеген ақпараттар алынып,мағұлмат берілді.Кеш барысында Юр-11,13 тобының студенттері Дордий Кристина «Қызғыш құс»,Мағзом Қанат «Мен,мен едім» атты Махамбет ақынның шығармашылық туындыларын жырласа,Дүйсембаев Руслан «Көроғлы» күйін шырқады.Студентер кеш қонағына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып,нақты жауаптарын алды.Дәріс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.