«Құқықтану» мамандығының 4 курс студенттерімен «Сот сараптамасы» пәнінен арнайы кездесу

Қараша айының 24-ші жұлдызында  Тарих, экономика және құқық факультеті  Құқықтану кафедрасының оқытушысы Отеуова Ақжамал Қадыржанқызының ұйымдастыруымен  «Құқықтану» мамандығының 4 курс  студенттерімен «Сот сараптамасы» пәнінен арнайы  кездесу ұйымдастырылды. Кездесу қонақтары «Сот медициналық сарапшысы» - Абуов Алтынбек Ғалымгерейұлы және Орал қаласының «Сот экспертиза орталығының сарапшысы» Жылқыбаев Жанболат Ажмуратовичпен    «Zoom» – видеоконференциясы өткізілді.Сарапшы қонақтарымыз 4 курс студенттерімізге сот сарапшысының жұмысы, міндеттері мен құзыреттілігі, сараптама түрлері, өліктік құбылыстар, өлікті зерттеу кезеңдері,механикалық асфексия, өлікті жасанды жолмен сақтау  туралы түрлі студенттеріміз үшін өте қызықты тақырыптарда  әңгімелеген болатын. Студенттеріміз өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, өз көңілдерінен шығатын жауап алып, студенттер арасында өте жарасымды қарым-қатынас орнап кездесу өте жоғарғы деңгейде өткізілген болатын. Бұл кездесу студенттеріміздің көңілінен шығып ұнады. Кездесуіміздің қонақтары  Абуов Алтынбек Ғалымгерейұлы мен Жылқыбаев Жанболат Ажмуратовичке студенттеріміздің сан сауалына жауап беріп  осындай жылы кездесудің қонақтары болғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

24.jpg - 41.26 kB

25.jpg - 57.13 kB

26.jpg - 56.46 kB

 

 


Басып шығару